Q Football

«Әзірге бұл тек қауесет қана». Мареска - Родридің «Реалға» ықтимал ауысуы туралы пікір білдірді

«Әзірге бұл тек қауесет қана». Мареска - Родридің «Реалға» ықтимал ауысуы туралы пікір білдірді
©️Sport.es

Итальяндық маман Родридің «Реалға» кетуі мүмкін деген сөздерге тоқталып, нақты келісім барын растамады

«Әзірге бұл - жай ғана қауесет. Родри өткен дүйсенбіде Мадридте ота жасатты - бәрі сәтті өтті. Енді ол бірнеше күн демалып, демалысы аяқталған соң бізге қайта қосылады. Әлемдегі кез келген бапкер Родриді өз командасында көргісі келеді, өйткені ол - ең жоғары деңгейдегі ойыншы», - деп Маресканың сөзін Sport.es келтіреді.

Бұған дейін БАҚ-та «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы «Реалмен» келісімшарт шарттарын келісіп қойғаны туралы жазылды. Сонымен қатар «қалалықтар» 30 жастағы ойыншының трансфер құнын 75 млн еуроға бағалап отырғаны айтылды. Қазір тараптар келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Өткен маусымда Родри барлық турнирде 33 матч өткізіп, екі гол соқты. Оның «Манчестер Ситимен» келісімі 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt дерегінше, футболшының нарықтық құны 50 млн еуро.