Q Football

Қазақстан құрамасы қатарынан сегізінші матчта жеңіске жете алмады

Қазақстан құрамасы қатарынан сегізінші матчта жеңіске жете алмады

Қазақстан өз алаңында Ұлттар лигасының алтыншы туры аясындағы матчта Словакия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнап, жеңіссіз сериясын ұзартты

Қазақстан құрамасы соңғы рет 31 наурызда жеңіске жетті, ол кезде FIFA Series турнирінде Комор аралдары құрамасын 1:0 есебімен ұтқан еді. Осыдан кейін Қазақстан сегіз матч өткізді (алтауы ресми және екеуі жолдастық) және олардың бірде-бірінде жеңіске жете алмады — төрт тең ойын және төрт жеңіліс.

Ұлттар лигасының С дивизионы 3-тобында Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, соңғы, төртінші орынды иеленді. Дегенмен турнир форматына енгізілген өзгерістердің арқасында команда төменгі дивизионға түсіп қалмайды — 2028/29 маусымынан бастап D дивизионы енді болмайды.