Mundo Deportivo хабарлауынша, 23 жастағы футболшы аз ойнайтынына байланысты «Барселонадан» қыста кету жолдарын қарастырып жатыр. Алехандро Ағылшын Премьер-лигасында күшін сынап көргісі келеді. Бұған дейін оған «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылық танытқаны белгілі болды.
Бальде осы маусымда Хави Эспарт пен Жоау Канселудан жеңіліп, негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды. Ол небәрі төрт матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
