Алайда ағылшын клубына бұл бағытта бәсеке болуы мүмкін. 20 жастағы неміс голкиперіне миландық «Интер» мен мадридтік «Атлетико» да қызығушылық танытып отыр.
Займеннің «Штутгартпен» келісімшарты 2029 жылдың маусым айының соңына дейін күшінде. Ал алдын ала бағалау бойынша, қақпашының трансферлік құны шамамен 10 миллион еуро.
Бундеслиганың осы маусымында Денис Займен төрт ойынға қатысып, алты гол жіберіп алды.
