«Интерге» оралсам керемет болар еді. Онда мен мансабымдағы ең жарқын кезеңдерді өткіздім. «Неррадзури» жейдесін кию, капитан болу менің футболшы ретінде қалыптасуыма зор ықпалын тигізді»,– деді Икарди.
Аргентина құрамасының бұрынғы форварды «Интер» намысын 2013-2020 жылдары аралығында қорғаған еді. Осы аралықта Икарди Миланның клубы үшін 219 матчта 124 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді.
