Q Football

«Арсенал» «Реалдың» шабуылшысы Родригоға қызығушылық танытуда

«Арсенал» «Реалдың» шабуылшысы Родригоға қызығушылық танытуда
Getty Images

Қазіргі уақытта бразилиялық футболшы жарақатынан айығып келеді және ол желтоқсан айында алаңға қайта оралады деп күтілуде

Дереккөз мәліметінше, «зеңбірекшілер» «Реал» құрамындағы 25 жастағы бразилиялық футболшының келешегін мұқият бағалап, мадридтік клубтың ойыншыға қатысты жоспарын қалай құратынын күтіп отыр.

Шабуылшыға деген қызығушылықты тек «Арсенал» ғана танытып отырған жоқ — оған үміткер басқа да ұжымдар бар.

Родриго мадридтіктер сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетеді, бірақ ағымдағы маусымда әлі бірде-бір матч өткізген жоқ. Оның «Реалмен» келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.