Q Football

Британдық журналист «Манчестер Сити» жанкүйерлерінің клуб кінәсін неге мойындамайтынын түсіндірді

Британдық журналист «Манчестер Сити» жанкүйерлерінің клуб кінәсін неге мойындамайтынын түсіндірді
The Guardian

The Guardian шолушысы Шон Ингл «қалалықтар» жанкүйерлерінің айыптау үкімінен кейін де команданы және оның Абу-Дабидегі иелерін неліктен қорғап жүргенін саралап көрді.

Клуб Премьер-лига таққан барлық ауыр айып бойынша кінәлі деп танылды, алайда оның көптеген жанкүйері жазадан құтылудың жолы табылады деп сенеді. «Ситидің» ең ірі жанкүйерлер форумы Bluemoon-да 2023 жылдан бері осы тақырыпқа қатысты 192 мыңнан астам хабарлама жазылған. Қолданушылар лиганы, қарсыластарды және баспасөзді сынайды, бірақ команда қожайындарына тіл тигізбейді.

Инглдің пікірінше, мәселе тек клубқа деген соқыр адалдықта емес. Ол «Сити» жанкүйерлерінің бірнеше жылғы жазбаларын зерттеген ирландиялық ғалым Колм Кернске сілтеме жасайды. Зерттеушінің тұжырымынша, БАӘ клубқа бұрын-соңды болмаған табыс әкеліп, жанкүйерлердің ықыласына бөленумен ғана шектелмеген.

«Олар клуб жанкүйерлерінің бір бөлігін өз режимінің агрессивті қорғаушыларына айналдырды», — деп журналист Кернстің сөзін келтіреді.

Екінші себеп — әлеуметтік желілер. Бұрын «Сити» жанкүйерлері басқа командалардың жанкүйерлерімен жұмыста да, пабта да күн сайын кездесіп тұратын, ал қазір тек пікірлестерімен ғана араласа алады.

«Меніңше, бұл жанкүйерлердің өз тобынан басқаны көрмеуін бұрынғыдан да күшейтеді, олар жағдайға өз клубының мүддесінен тыс тұрғыдан сирек қарайды», — деп атап өтті Кернс.