Бұл келісім «Атлетико Даллас» тарихындағы алғашқы трансфер ретінде тіркелмек. Эрнандес командада 2027 жылдан бастап алаңға шығады, бірақ клубтың дамуына қазірден бастап үлес қосады.
Чичарито 2010-2020 жылдар аралығында Еуропада өнер көрсетті. Ол кезеңде «Манчестер Юнайтед», «Реал» Мадрид, леверкузендік «Байер» және «Севилья» клубтарында ойнады.
ЮСЛ Чемпионшип АҚШ-та МЛС-тен кейінгі деңгейі жағынан екінші дивизион саналады. Алайда бұл лигалар арасында жоғарылау мен төмендеу жүйесі жоқ.
