Q Football

«Елімай» бразилиялық футболшының командадан кеткенін хабарлады

«Елімай» бразилиялық футболшының командадан кеткенін хабарлады
Елімай

«Семейліктер» 27 жастағы Игор Габриэльмен қоштасқанын растады. Клуб бразилиялық қорғаушымен келісімшарт екіжақты келісім бойынша тоқтатылғанын хабарлады

Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында Габриэль семейліктер сапында 17 кездесу өткізді. Ол нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ, екі сары қағаз алып, бір рет өз қақпасына гол соғып алды.

ҚПЛ-2026 турнирінің 23 турынан кейін Андрей Карповичтің командасы 32 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында келеді.