Алессандро Бастони алдағы трансферлік терезеде «Барселонаға» ауысуға ниетті, деп хабарлайды Mundo Deportivo. 27 жастағы Италия құрамасының ойыншысы каталондықтардың жобасындағы өзіне жүктелер міндетті талқылау үшін Ханси Фликпен жеке сөйлесуді жоспарлап отыр.
Неміс маманы италиялық футболшының шеберлігін жоғары бағалайды және Эрик Гарсия мен Андреас Кристенсеннің жарақаттарынан кейін Пау Кубарсиге сенімді серіктес іздеуде. Өз кезегінде, Кристиан Киву бастаған миландық клуб ойыншының 2028 жылы аяқталатын келісімшарт мерзімі біткенше оны максималды бағаға сату үшін келіссөзге келуі мүмкін.
