Q Football

Нидерланд Сербиядан басым түсті

Нидерланд Сербиядан басым түсті
Getty Images

«Қызғысарылар» A2 тобында бірінші орынға шықты

Алаң иелері 31-минутта Тён Копмейнерстің күшімен есеп ашқанымен, арада төрт минут өткенде сербтер Цветковичтің дәл соққысымен жауап қайтарды. «Қызғысарыларға» жеңіс сыйлаған голды 71-минутта Джошуа Зиркзе соқты.

Нидерланд: Вербрюгген — Думфрис, ван Дейк, Копмейнерс, ван де Вен — Гравенберх (Зехил, 59), Верман (Гато, 58), Рейндерс (Кв. Тимбер, 82) — Саммервилл, Мердинк (Зиркзе, 46), Ланг (ван Боммел, 58).

Сербия: В. Милинкович-Савич — Неделькович, С. Гудель (Н. Гудель, 79), Бабич, Павлович, Терзич (Костич, 74) — Самарджич (Живкович, 73), Лукич, Станкович (Максимович, 66) — Цветкович, Тадич (Йович, 66).

Ескертулер: Рейндерс — Гудель, Павлович, Лукич, Максимович.