Да Кунья жақында «Комомен» келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартты. Бұл қадам италиялық клубтың ойыншы болашағына қатысты келіссөздердегі позициясын едәуір күшейтті.
Француз хавбектің қазіргі деңгейге көтерілуіне Сеск Фабрегастың ықпалы ерекше аталады: маман да Куньяны вингер/шабуылшы жартылай қорғаушы рөлінен алаң ортасындағы тереңірек позицияға ауыстырған.
Англия клубтарымен қатар, ойыншының жағдайын А сериясындағы командалар да бақылап отыр. Алайда ұзақмерзімді жаңа келісімнің арқасында «Комо» өз капитанын сатуға міндетті емес.
Қазір команда капитаны «Комо» сапында 120 матч өткізген. Осы кездесулерде ол 20 гол соғып, 15 нәтижелі пас беріп, ұжым ойынына қомақты үлес қосты.
