Бұған дейін БАҚ-та лондондық клуб 26 жастағы вингерді сатып алу үшін 105 млн фунт (123 млн еуро) төлеуге дайын екені жазылған. Ал «Реал» ойыншыны сатуға келіссе, шамамен 137 млн фунт (160 млн еуро) көлемінде қаржы түсіргісі келеді.
Винисиус Жуниор «Реал» сапына 2018 жылдың жазында қосылған. Содан бері ол барлық турнирде 375 матч өткізіп, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас берген. Футболшының мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны 140 млн еуро.
