Q Football

Мохамед Салах «Трабзонспорда»!

Мохамед Салах «Трабзонспорда»!
©️Getty Images

«Трабзонспор» жазғы трансферлік нарықта шулы келісім жасап, Мохамед Салахпен уағдаласты. Дереккөздің мәліметінше, бордо-көк түстілер мен жұлдызды ойыншының тарапы екі жылдық келісімшарттың барлық егжей-тегжейін келісіп қойды

Салахтың ертең таңертең - сәрсенбі, 5 тамызда жеке ұшақпен Түркияға ұшатыны хабарланды. Бағыт Ыстанбұл арқылы жоспарланған, содан кейін футболшы Трабзонға келеді.

Сондай-ақ мысырлық ойыншының жаңа командадағы нөмірі бұрынғыша қалатыны нақтыланды. A Spor тілшісі Юнус Эмре Сельдің хабарлауынша, Салах «Трабзонспор» сапында 11-нөмірмен өнер көрсетеді.