Q Football

«Галатасарай» Браим Диас трансфері үшін € 30 млн еуро дайындап қойды

«Галатасарай» Браим Диас трансфері үшін € 30 млн еуро дайындап қойды

Ыстанбұлдық клуб мадридтік «Реалдың» шабуылшы жартылай қорғаушысын сатып алуды көздейді, бірақ «мадридтіктердің» португалиялық бапкерінің түпкілікті шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды Fotomaç басылымы.

Сары-қызылдар Жозе Моуринью сатылатын ойыншылар тізімін анықтаған бойда испаниялық грандқа ресми сұраныс жіберуге дайын. Түркиялық клуб басшылығын марокколық футболшының әмбебаптығы қызықтырды: ол шабуылшы артындағы позицияны да, шабуыл қанаттарын да бірдей тиімді жаба алады. Мадридтіктер бас тартқан жағдайда «Джимбом» өз тізіміндегі балама нұсқаларға көшеді.

Испанияда дүниеге келіп, Марокко ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуге шешім қабылдаған Браим Диас 2026 жылғы әлем чемпионатында өзін мықты қырынан көрсетті. Ол 1/4 финалға дейін жеткен африкалық ұжымның басты табыс авторларының біріне айналып, өз еншісіне 4 нәтижелі пас жазды және турнирдің үздік ассистенттерінің бірі атанды.