Матчтағы есеп 11-минутта Милутин Осмаичтің дәл соққысынан кейін ашылды. Бұдан соң «Дженоа» қарқынын күшейтіп, 28-минутта Жуниор Мессиас мергендік танытып, айырманы екі допқа жеткізді.
Дегенмен «Лечче» үзіліске дейін жауап қайтара алды: 40-минутта Юссеф Малех есепті 1:2-ге жеткізіп, ойынның интригасын қайта жандандырды.
Екінші таймда алаң иелері таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, нәтижеге жете алмады. «Дженоа» минималды басымдықты финалдық ысқырыққа дейін ұстап, сырт алаңда жеңіс тіркеді.
«Лечче» - «Дженоа» 1:2
Голдар: Малех, 40 - Осмаич, 11, Мессиас, 28
«Лечче»: Фальконе - Вейга, Зіберт, Габриел, Галло - Гортер (Каба, 56), Нгом, Малех (Гандельман, 74) - Ндрі (Эстебан, 76), Штулич (Дембеле, 75), Монтейру (Фатах, 59)
«Дженоа»: Бейлов - Маркандалли, Эстигор, Васкес - Эллертссон, Френдруп, Вьяфе (Эхизибуэ, 61), Траоре (Соу, 80) - Мессиас (Майхтри, 85), Эль-Шаарави (Оливейра, 60) - Осмаич (Коломбо, 86)
Ескертулер: Каба, Зіберт - Траоре
