Q Football

«Галатасарай» Ясин Айариді трансферлік тізіміне енгізді

«Галатасарай» Ясин Айариді трансферлік тізіміне енгізді

Стамбул клубы орта шепті «Брайтонның» жартылай қорғаушысымен күшейтуді көздеп отыр, алайда ойыншы үшін «Челсимен» таласуға тура келеді. Бұл туралы Ұлыбритания баспасөзі жазды.

Мәліметтерге сүйенсек, «сары-қызылдар» 23 жастағы швед футболшысына қатысты келіссөздерді жеделдетіп, оның жағдайын мұқият бақылап отыр. Түркияда Айариді орта шептегі ротацияны күшейтудің маңызды нұсқасы ретінде қарастырады.

Футболшының ағылшын клубымен келісімшарты 2027 жылы аяқталады, ал тараптар жаңа келісімге әлі келе алмады. Дегенмен «Брайтонның» келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Ойыншының жоғары құны да мәмілеге кедергі келтіруі мүмкін. Хабарлауынша, «шағалалар» Айари үшін шамамен 50 миллион еуро сұрауы ықтимал.