Foot Mercato мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» басшылығы команданың тұрақсыз нәтижелеріне байланысты Майкл Каррикті ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Клуб өкілдері 58 жастағы маманның айналасындағы адамдармен байланысқа шыққан.
Алайда Дешам дағдарыс жағдайында және жоғары қысым астында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған жоқ. Франция құрамасын 14 жыл басқарған бапкер отбасына уақыт бөлуді шешкен және әзірге жаттықтырушылық қызметке оралуды жоспарламайды.
«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарында Юлиан Нагельсманн мен Унаи Эмери де аталып жүр. Дегенмен Эмери «Астон Вилламен» келісімшартын ұзартуға жақын.
