Тексеру нәтижесінде 27 жастағы голкипердің оң тізесіндегі алдыңғы айқаспалы байламы үзілгені анықталды.
«Бүгінгі күндізгі жаттығу кезінде бұрылу қозғалысынан кейін оң тізесінен жарақат алған Камил Грабара «J Medical» орталығында диагностикалық тексеруден өтті. Тексеру қорытындысы оң тізенің алдыңғы айқаспалы байламының үзілгенін көрсетті», — делінген клуб мәлімдемесінде.
Алдағы күндері футболшы қосымша ортопедиялық тексерулерден өтеді. Содан кейін әрі қарайғы емдеу жоспары анықталады.
Грабара «Ювентусқа» 25 тамызда «Вольфсбургтен» сатып алу құқығымен жалға ауысқан. Жарақаттан аз уақыт бұрын ол НЕК-ке қарсы матчта туриндіктердің негізгі құрамында алғаш рет алаңға шыққан.
