Q Football

«Ювентус» Адичтің жарақатына алаңдаулы: бүгін медициналық тексеруден өтеді

«Ювентус» Адичтің жарақатына алаңдаулы: бүгін медициналық тексеруден өтеді
Goal.com

«Ювентус» клубына тиесілі және «Сассуоло» сапында жалға өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы Василие Адич тізесінен ауыр жарақат алуы мүмкін.

Tuttosport басылымының хабарлауынша, туриндік клуб дәрігерлері футболшыға ота жасалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен жарақаттың нақты сипаты барлық қажетті тексерулерден кейін анықталады.

Медициналық қорытынды жарақаттың ауырлығын және ойыншының қанша уақыт қатардан тыс қалатынын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Адичтің хирургиялық араласусыз емделе алатыны белгілі болады.

Бұған дейін «Сассуоло» бас бапкері Роберто Д’Аверса жартылай қорғаушының «Дженоаға» қарсы матчқа қатыспайтынын айтып, әрі қарайғы тексерулерді футболшының негізгі клубы жүргізетінін жеткізген.

Осы маусымда Адич «Сассуоло» сапында алты матч өткізіп, төрт гол соқты. Соның ішінде 13 қыркүйекте «Ювентусқа» қарсы кездесуде (3:2) жеңіс голын авторы атанды.