30 жастағы ойыншы бұлшық етін созып алыпты. Осыған байланысты ол Италияның алдағы матчтарына қатыса алмайды. Оның орнына «Ювентустен» Федерико Гатти шақырту алды. Манчини сапқа шамамен 1-2 аптадан кейін оралады.
«Скуадра Адзурра» осы аптада Ұлттар лигасы аясында екі кездесу өткізеді. Роберто Манчинидің шәкірттері алдымен 12 қазан күні Францияны қабылдаса, араға үш күн салып, Бельгияға қонаққа барады.
