Q Football

Арда Гүлер «Реалмен» келісімшартын ұзартты

Арда Гүлер «Реалмен» келісімшартын ұзартты

Түркиялық жартылай қорғаушы Мадридтің клубында қалды. Мұны «Реал» ресми сайтында хабарлады

Қос тарап 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Мадридтің клубы Гүлерді 2023 жылы «Фенербахчеден» 30 миллион еуроға сатып алған еді. 21 жастағы хавбек осы маусымда 14 матчта төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.