Кейн Бундеслигада «Бавария» мен «Кельн» 1:1 есебімен тең түскен матчтың бірінші таймында жарақат алды.
Ойыннан кейін мюнхендіктердің бас бапкері Венсан Компани ағылшын футболшысының бірнеше ай алаңға шықпайтынын айтты.
Спорт директоры Макс Эберль команданың үздік сұрмергенінің жарақатын нақтылады: Кейннің сирағының төменгі бөлігінде асықты жілік пен шыбық сүйекті жалғайтын синдесмоз байламдары үзілген.
