Q Football

Ислам Чесноков Қазақстан құрамасына қосылды

Ислам Чесноков Қазақстан құрамасына қосылды
©️KFF

Футболшы ұлттық құраманың орналасқан жеріне келіп, алдағы ойындардан не күтетінімен бөлісті.

«Құрамаға келгеніме қуаныштымын. Қазір жігіттермен қауышамыз. Өткен оқу-жаттығу жиынында ойнаған жоқпын, бірақ бұл жолы бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Алдағы екі кездесуді асыға күтіп жүрмін.

Мені де, команданы да қолдап жүрген барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Алдағы матчтарда сіздер үшін бар күшімізді саламыз», – деді Ислам Чесноков.