Қазіргі уақытта тәжірибелі шабуылшы Тольяттидің «Акронымен» еңбек келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент мәртебесінде жүр. 2015 жылға дейін мәскеуліктердің намысын қорғаған Спартак академиясының түлегі туған клубынан түскен ұсынысты қарастыруға дайын, бірақ әзірге бастама толығымен мәскеуліктердің спорттық блогы тарапында.
Гольдманның «Матч ТВ» телеарнасының эфирінде айтуынша, ойыншының тарапы Премьер-лигадағы көптеген әлеуетті жумыс берушілермен келіссөздер жүргізген, сондықтан барлық мүдделі тараптар оның қазіргі мәртебесінен хабардар.
Еске сала кетейік, өзінің бай карьерасында ұлттық құрама тарихындағы үздік мерген (31 соғылған доп) петерборлық «Зенит», тулалық «Арсенал», мәскеулік «Локомотив» сапында ойнап үлгерді, сондай-ақ түріктің «Адана Демирспор» клубында да өнер көрсетті.
