Ұлттар лигасындағы Испания құрамасына қарсы матч алдында Мадридте журналистермен тілдескен 27 жастағы хавбек Микель Артетаның командасында өзін шексіз бақытты сезінетінін, бапкердің толық сенімі мен әріптестерінің қолдауын көріп жүргенін мойындады.
Бұған дейін «зеңбірекшілердің» тәлімгері де алаң ортасындағы көшбасшымен келісімшартты ұзарту тек уақыт еншісіндегі мәселе екенін атап өткен болатын. 2023 жылы «Вест Хэмнен» 105 миллион фунтқа ауысқан Райстың қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Өткен маусымда англиялық футболшы «Арсеналға» Премьер-лигадағы 22 жылдық жеңіссіз серияны үзіп, Чемпиондар лигасының финалына дейін жетуге көмектесті. Райстың сөзінше, енді ол осы жеңімпаздық рух пен командалық ауызбіршілікті Томас Тухельдің жетекшілігіндегі Англия құрамасына дарытқысы келеді.
