Грозныйлықтардың бас директоры Ахмед Айдамиров клубтың ФИФА-ның ойыншыларды тіркеуге қойған тыйымымен келіспей, Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) апелляция түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан команда жаңа футболшыларды тіркеу мүмкіндігінен айырылып қалмауы үшін «Ахмат» соттан санкциялардың күшін уақытша тоқтата тұруды сұраған.
«Клубымыз Клирингтік палатада тексерістен өте алмағанымыз үшін ойыншыларды тіркеуге тыйым салған ФИФА шешімімен келіспей, CAS-қа жүгінді. Істі қарау ұзаққа созылады, ал клуб жаңадан келгендерді өтінімге енгізе алмаудан зардап шекпеуі үшін біз қамтамасыз ету шараларын қолдануды сұрадық. Бүгін біз CAS-тың трансферлік тыйымды уақытша тоқтату туралы шешімін алдық. Бұл - клуб уәждерінің жан-жақты қарастыруға лайық екенін дәлелдейтін маңызды аралық қадам. Апелляцияны қарау кезеңінде «Ахмат» ойыншыларды ешқандай шектеусіз тіркей алады», - делінген Айдамировтың мәлімдемесінде.
ФИФА «Ахматқа» жаңа футболшыларды тіркеуге тыйымды шілде айында енгізген еді. Қазіргі таңда грозныйлық клубта Қазақстан құрамасының футболшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді.
