Росариодағы БАҚ өкілі Гонсало Кальвиджони Estadio 3 por Cadena 3 Rosario эфирінде футболшының «Ньюэллс Олд Бойз» клубына оралуға дәл қазіргідей жақын болмағанын айтты. Оның сөзінше, клуб трансферді 2027 жылдың қаңтарында-ақ рәсімдеуді көздейді.
Месси футбол әліппесін дәл осы «Ньюэллс Олд Бойз» клубында бастаған. Алайда 2000 жылдың жазында ол «Барселонаға» ауысып, аргентиналық команданың негізгі құрамы сапында бірде-бір матч өткізбеген еді.
Дегенмен бұл трансфердің биыл қыста жүзеге асуы екіталай. Шабуылшының «Интер Майами» клубымен келісімшарты 2028 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жарамды.
