Q Football

«Нэшвилл» «Интер Майамидің» тарихи рекордын жаңартты

«Нэшвилл» «Интер Майамидің» тарихи рекордын жаңартты

Теннеси штатының клубы MLS соңғы турында «Цинциннатиді» 2:0 есебімен жеңді

Осылайша «Нэшвилл» 34 ойыннан кейін 77 ұпай жинап, тұрақты чемпионатта топ жарды. Сондай-ақ бір маусымда ең көп ұпай жинаған клуб атанды. Бұған дейінгі рекорд 2024 жылы 74 ұпай жинаған «Интер Майамиге» тиесілі еді.

«Нэшвилл» 1/8 финалда «Орландо» – «Цинциннати» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Лионель Месси бастаған команда «Коламбуспен» күш сынасады.