«Gazzetta dello Sport» дерегінше, Раумға таласта «Ювентустың» негізгі қарсыласы ретінде дәл «Манчестер Юнайтед» аталады. Ағылшын клубы жазғы трансферлік терезеде қорғаныстың сол қапталын күшейтетін ойыншы іздеп, Раумға көз тіккен. Бірақ ол кезде ауыс-түйіс жүзеге аспады, соған қарамастан манчестерліктердің ойыншыға ықыласы сақталған.
«Ювентус» та Раумды сол қаптал қорғаушысы позициясын күшейтудің бір нұсқасы ретінде қарастырып отыр. Туриндік клуб футболшыға қатысты жағдайды бақылап, «Лейпцигпен» келісімшарты аяқталар тұста оны өз қатарына қосуға әрекет жасауы ықтимал.
Сонымен бірге «Лейпциг» капитанын тегін жіберуге ниетті емес. Клуб Рауммен келісімді ұзартқысы келетінін растағанымен, жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер әзірге нақты мәмілеге келтірмеді. Егер тараптар ортақ шешім таба алмаса, 2027 жылдың қаңтарынан бастап Раум басқа клубтармен келіссөз жүргізіп, алдын ала келісімшартқа қол қою құқығына ие болады.
Раум «РБ Лейпцигке» 2022 жылы «Хоффенхаймнан» ауысқан. Осы уақыт аралығында ол команда сапында 149 ресми матч өткізіп, жеті гол соғып, 30 нәтижелі пас берген.
