Q Football

Рома Удинезені сенімді түрде жеңді

Рома Удинезені сенімді түрде жеңді
Getty images

Римдіктер фриульдіктерді жеңіп, матч бойы басымдық танытты.

10-минутта есеп ашылды: Весли сол қапталдан асырған допты Браян Кристанте дәл тауып, баспен қақпаға бағыттады. 31-минутта римдіктердің басымдығын Родриго Мора еселей түсті - ол шабуылға дер кезінде қосылып, Кристантенің пасын голға айналдырды.

Арада екі минут өткенде Дониелл Мален Матиас Соуленің әдемі пасынан кейін мүмкіндігін мүлт жібермей, таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді. 37-минутта Соуле орындаған бұрыштамадан соң Эван Ндика тағы бір дәл соққымен «Романың» төртінші голын соқты.

Екінші таймда «Удінезе» ойынды қайта қыздыруға талпынды. 50-минутта Николо Дзаньоло қарсылас қақпасы маңындағы сәтті пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. 78-минутта Пальма тағы бір голмен жауап берді. Соған қарамастан, «Рома» алаң иелеріне қарқын алып кетуге мүмкіндік бермей, ойын тізгінін өз қолында ұстап отырды. 90+2-минутта Гиларди соңғы нүктені қойды.

Осылайша қонақтар жоғары нәтижелілік көрсетті, әсіресе алғашқы таймда ойын тағдырын іс жүзінде шешіп тастады.

«Удінезе» - «Рома» 2:5

Голдар: Дзаньоло, 50, Пальма, 78 - Кристанте, 10, Мора, 31, Мален, 33, Ндика, 37, Гиларди, 90+2

«Удінезе»: Окоэ - Абанква, Кабаселе, Пальма - Войвода, Карлстрем (Йованович, 82), Миллер, Камара (Арисала, 83) - Дзаньоло (Пйотровски, 67), Эккеленкамп (Чакветадзе, 56) - Дэвис (Гомес, 55)

«Рома»: Голлини - Гиларди, Ндика, Эрмосо (Кулиеракис, 84) - Молина, де Рон, Кристанте, Франса (Ренш, 79) - Соуле (Манчини, 80), Мора (Пизилли, 58) - Мален (Кастро, 59)

Ескертулер: Миллер - Кристанте