Бұл туралы инсайдер Экрем Конур хабарлайды.
Қазіргі уақытта 22 жастағы клуб түлегінің бергамолықтармен келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды. «Transfermarkt» порталының деректеріне сүйенсек, Скальвинидің нарықтық құны 38 млн евроны құрайды.
А Сериясының 2025/26 маусымында қорғаушы «Аталанта» сапында 24 кездесу өткізіп, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Ол бергамолықтардың негізгі командасында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді.
Бұған дейін «Аталанта» «Болоньяның» шабуылшысымен келісімшартқа отырған болатын.
