Q Football

«Әл-Хиләл» «Барселонамен» келіссөздер аясында Канселудың жаттығуларды бойкоттауын жоққа шығарды

«Әл-Хиләл» «Барселонамен» келіссөздер аясында Канселудың жаттығуларды бойкоттауын жоққа шығарды
©️Alyaum

Alyaum басылымының мәліметінше, саудиялық клуб регламентке сай әрекет еткенін және футболшыларға оқу-жаттығу жиынына келу мерзімдері туралы алдын ала хабарлағанын мәлімдеді

«Әл-Хиләлде» ұлттық құрамаларда өнер көрсеткен футболшылардың электронды пошталарына командаға қай уақытта қосылуы тиіс екендігі көрсетілген ресми хаттар жіберілгені баса айтылды.

«Alyaum» басылымының клубтағы дереккөздері Канселу төңірегіндегі жағдайға бөлек тоқталды. Олардың айтуынша, қорғаушының жиынға қатыспауы алдын ала келісілген, сондықтан «күтпеген жерден келмей қалды» деген әңгімелердің еш негізі жоқ. «Жоау Канселудың жиында болмауы клуб басшылығымен алдын ала келісілген еді. Сондықтан қазір тарап жатқан оның келмеуі күтпеген жағдай болды деген расталмаған сөздер шындыққа жанаспайды», — деп хабарлады «Әл-Хиләлде».

Канселу қаңтар айында маусым соңына дейін жалға беру құқығымен «Барселонаға» ауысқан болатын. Бұл ретте ойыншының «Әл-Хиләлмен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген.