Q Football

Қазақстанның қарсыласы нақтыланды: Молдова Ұлттар лигасындағы Астанада өтетін матчқа құрамын жариялады

Қазақстанның қарсыласы нақтыланды: Молдова Ұлттар лигасындағы Астанада өтетін матчқа құрамын жариялады

Ұлттар лигасының кезекті туры қарсаңында Молдова Республикасы ұлттық құрамасының құрамы белгілі болды. Тізімге турнирдің күзгі кезеңінде ұпай үшін таласатын ойыншылар енді.

Ұжымның бас бапкері Лилиан Попеску түпкілікті тізімге ішкі біріншілікте де, шетелдік чемпионаттарда да, соның ішінде ҚПЛ-да өнер көрсететін 25 футболшыны қосты.

Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Қызылжар», Қазақстан), Андрей Кожухарь («Азия», Қырғызстан), Эмил Тымбур («Шериф»);

Қорғаушылар: Олег Рябчук («Андерлехт», Бельгия), Иоан-Кэлин Ревенко («Петрокуб»), Владислав Бабогло («Карпаты», Украина), Даниэл Думбравану («Волунтари», Румыния), Михаил Герасименков («Ванкувер Уайткэпс», Канада), Михаил Штефан («Динамо» Самарқанд, Өзбекстан), Юрий Йову («Данди Юнайтед», Шотландия), Кэтэлин Кукош («Петрокуб»);

Жартылай қорғаушылар: Вадим Рацэ («Арджеш», Румыния), Никита Моцпан («СКА-Хабаровск», Ресей), Виктор Стынэ («Кяпаз», Әзербайжан), Кристиан Дрос («Влазния», Албания), Штефан Бодиштяну («Ботошани», Румыния), Серафим Кожокарь («Петрокуб»), Сергей Перчун («Асколи», Италия), Ники Клещенко («Килмарнок», Шотландия), Данила Форов («Шериф»), Владимир Фратя («Шериф»), Овидиу Давид («Петрокуб»);

Шабуылшылар: Вирджилиу Постолаки («Брисбен Роар», Австралия), Дмитрий Мандриченко («Динамо» Батуми, Грузия), Петру Попеску («Петрокуб»).

Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы кездесу 2 қазанға жоспарланған және «Астана Арена» стадионында өтеді.