Q Football

«Челси» «Ливерпуль» сапында 12 жыл ойнаған Хендерсонды қатарға қосуды қалайды

«Челси» «Ливерпуль» сапында 12 жыл ойнаған Хендерсонды қатарға қосуды қалайды
©️Fabrizio Romano

«Ақсүйектер» «Брентфордтың» жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсонға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы журналис әрі инсайдер Фабрицио Романо X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Лондондықтар» Хендерсонды өз құрамына қосуды көздеп, бұл трансферде басты үміткер ретінде қарастырып отыр. Дереккөз мәліметіне сай, ойыншының «Брентфордпен» келісімшарты 2027 жылдың жазыңа дейін күшінде болғанымен, ол клубтан өтемақы төлемей-ақ кетуі ықтимал. Сонымен қатар жартылай қорғаушының өзі де мүмкін болатын ауысымға дайын екені айтылады.

Джордан Хендерсон - «Сандерленд» академиясының түлегі. Ол 2011-2023 жылдары «Ливерпуль» намысын қорғап, командамен бірге бірнеше трофей жеңіп алды. Хендерсонның мансабында «Ковентри Сити», «Әл-Иттифақ» және «Аякс» клубтары да бар.