Елордалық команда 28 жастағы шабуылшыны 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жалға беруді ресми түрде рәсімдеді. Сонымен қатар ауысу туралы келісімшартта грекиялық тарапқа футболшыны толық сатып алу құқығын беретін бап қарастырылған.
Колдо бар мәліметтерге сәйкес, мәскеуліктер бұл мәміледен дәл қазір € 1,25 млн еуро таппақ, ал футболшы толыққанды трансферленген жағдайда Греция клубы тағы € 12 млн еуро төлейді.
«Қызыл-ақтар» сапында өткізген екі маусымда Гарсия Ресей Премьер-Лигасының 36 матчына қатысып, өз еншісіне 6 соғылған гол жазды.
