Словакия футбол одағының ресми сайты хабарлағандай, топтық кезеңнің Қазақстанға қарсы қорытынды матчына Милан Шкриньяр, Давид Ганцко, Ондрей Дуда, Матуш Беро, Доминик Грейф, Альберт Руснак және сары қағаздарының көптігіне байланысты кездесуді өткізіп алатын Мартин Валент аттанбады. Сонымен қатар Фарер аралдарымен тең аяқталған ойында (2:2) әріптестеріне қолдау білдіру үшін құрама сапында қалған жарақат алған Томаш Суслов та команда қатарынан кетті.
Владимир Вайсс 6 желтоқсанда өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі қарсаңында жақын резервтің мүмкіндігін бағалағысы келетінін түсіндірді. «Мен Лукас Гараслинге қатысты да ойландым, бірақ оның бізбен бірге қалуды шешкенін бағалаймын. Қалғандарымен азды-көпті келістім. Астанада мүмкіндік алатын жігіттер оны тиімді пайдаланатынына сенемін. Біз жақсы нәтиже үшін күресуге бара жатырмыз», — деді маман.
Қазақстан — Словакия матчы 16 қараша күні «Астана Аренада» өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
