Германия чемпионатының 9-турында «Байер» сырт алаңда «Кёльнді» 2:1 есебімен ұтты. Леверкузендік команда матчтың 7-минутында Гарсияның голымен алға шықты, ал 85-минутта Шик есепті еселеді. «Кёльн» тек қосымша уақытта, 90+2-минутта Әл Маланың дәл соққысымен бір гол қайтарды.
Осы нәтижеден кейін «Байер» 16 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. «Кёльн» 9 ұпаймен 15-сатыда қалды.
Бундеслига. 9-тур
«Кёльн» - «Байер» 1:2
8 қараша, «Райн Энерги»
Голдар: Әл Мала (90+2) - Гарсия (7), Шик (85).
«Кёльн»: Швабе, Шмид, Симпсон-Паси, Краус (Йоханнессон, 74), Себулонсен (Монтес, 84), Майна (Хески, 75), Окон-Энгстлер, Мур (Вальдшмидт, 84), Соса, Бюльтер (М. Әл Мала, 75), С. Әл Мала.
«Байер»: Флеккен, Кванса, Тапсоба, Медина (Баде, 88), Гутьеррес, Фернандес, Гарсия, Дениел, Тиллман (Хофманн, 76), Маза (Андрикс, 88), Шик.
Ескертулер: Медина (34), Краус (40), Мур (46), Майна (52), Морейра (52), Тапсоба (53), Шмид (57), Соса (70), Гарсия (90+5), Симпсон-Паси (90+6), Хофманн (90+6).
