Q Football

Ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасына тағайындалуы үлкен қателік деп бағаланды

Ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасына тағайындалуы үлкен қателік деп бағаланды
©️John van’t Schip

Қазақстандық маман Алмас Кулшинбаев Джон ван ’т Схиптің ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалуын сынға алып, ҚФФ шешімінің дұрыстығына күмән келтірді.

«Оның тағайындалуы — федерацияның немесе оны шақырған нақты бір адамның үлкен қателігі. Грекия және Армения құрамаларындағы бұрынғы жұмысының нәтижелеріне қарап-ақ тиісті қорытынды жасауға болатын еді. Қазақстандық бапкердің жетекшілігімен бұдан да жақсы нәтижелер күтуге болар еді», — деді Кулшинбаев.

Еске салайық, бүгін Қазақстан құрамасы Астанада Словакиямен кездеседі. Матч сағат 20:00-де басталады.