Q Football

«Интер» Лаутароның «Барселонаға» ауысуын талқылаудан бас тартты

«Интер» Лаутароның «Барселонаға» ауысуын талқылаудан бас тартты
Getty Images

Журналист Маттео Мореттоның хабарлауынша, қазіргі уақытта клубтар арасында ешқандай байланыс болған жоқ. Бұл ретте миландықтардың позициясы өте қатаң: Мореттоның айтуынша, «Интер» «трансферді тіпті 100 миллион еуроға да талқылағысы келмейді»

Бұған дейін БАҚ-та «Барселона» «Атлетикодан» Хулиан Альваресті ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, атаканы күшейту нұсқаларының бірі ретінде Мартинесті де тізімде ұстап отыр деген ақпарат тараған еді.

Лаутароның клуб үшін қаншалықты маңызды екенін бұдан бұрын «Интер» президенті Джузеппе Маротта да тілге тиек еткен болатын: «Ол - біздің капитанымыз әрі «Интердің» қазіргі заманғы тарихының бейнесі. Біз онымен ешқандай жағдайда қоштасқымыз келмейді».