«Әлі де жететін мақсатым көп. Мен - амбициясы жоғары футболшымын, әрдайым жаңа нәрсе үйренуге ұмтыламын. Мені танитындардың бәрі мұны растай алады», - деп келтіреді Порроның сөзін Sport.es.
Ойыншы сонымен бірге «Тоттенхэмде» өзін бақытты сезінетінін айтып, клубта қалатынын атап өтті. Дегенмен Порро болашақта Испанияға қайта оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ қазіргі ойы толықтай «шпорлар» сапындағы ойынға бағытталғанын аңғартты.
2025/2026 маусымында қорғаушы барлық турнирде 47 матч өткізіп, екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Transfermarkt Порроның нарықтық құнын 40 млн еуроға бағалап отыр.
Порро «Тоттенхэм» құрамына 2023 жылы қосылды. Осы уақыт ішінде ол лондондықтар сапында 152 ойынға қатысып, 13 гол соғып, 26 голдік пас жасады.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Тоттенхэм Хотспур» Англия Премьер-лигасында 17-орынға тұрақтады.
