«Ньюкасл Юнайтедтің» аңызы Алан Ширер бас бапкер Эдди Хаудың кенеттен қызметінен кетуіне қатысты пікір білдіріп, бұл жағдайдың түсініксіз әрі өте орынсыз уақытта болғанын айтты. 48 жастағы маман команданы бес жыл басқарғаннан кейін, маусым алдындағы «Бристоль Ситиге» қарсы жолдастық кездесудегі (1:4) жеңілістен соң өз еркімен орнынан кеткен.
Ширер Betfair басылымына берген сұхбатында клубтың қазіргі жағдайына қатты алаңдап отырғанын жасырмады. «Эдди Хаудың «Ньюкасладан» кеткеніне өте таңғалдым. Жаңа маусымның басталуына небәрі үш апта қалғанда мұндай шешім қабылдау өте сұмдық жағдай. Соңғы маусымда немесе осы жазда не болғанын білмеймін, бірақ ол клубтың үздік ойыншыларды сату саясатымен келіспеген сияқты. Мұның Эддидің өз шешімі болғанына сенімдімін», – деді бұрынғы шабуылшы.
Сондай-ақ, Алан Ширер командадағы негізгі жұлдыздардың жаппай сатылып жатқанын атап өтті. Бұған дейін клуб Энтони Гордон, Сандро Тонали және Александр Исакты сатқан болатын. «Клубта не болып жатқанын түсіну қиын. Жанкүйерлер Исактың, Тоналидің, Гордонның кеткенін көріп отыр. Енді капитан Бруно Гимарайнстың да кететіні уақыт еншісінде сияқты. Өйткені ол да командадағы жағдайға және бапкердің кетуіне қарап, өзінің де басқа клубқа ауысатын кезегі келгенін түсінеді», – деп түйіндеді сөзін Ширер.
