Q Football

Вирджил ван Дейк «Миланға» ауысуы мүмкін

Вирджил ван Дейк «Миланға» ауысуы мүмкін

«Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк италиялық «Миланның» трансферлік тізіміне енді

«Россонери» 35 жастағы нидерландтық футболшыны 2027 жылдың жазында қорғаныс шебін күшейтетін негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Оның ағылшын клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Алайда тараптар әзірге жаңа келісімге келе алған жоқ.

La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, «Милан» қорғаушыны келісімшарты аяқталған соң еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді.

Ақпаратқа сәйкес, клуб иесі Джерри Кардинале Ван Дейктің кандидатурасын өткен жазда да қарастырған. Бірақ ол кезде футболшының «Ливерпульмен» келісімшартына әлі бір жыл қалған еді. Итальяндық клуб тәжірибелі қорғаушы жас футболшылардың дамуына үлес қосады деп есептейді. Қазір командада мұндай рөлді 2025 жылы «Реалдан» ауысқан Лука Модрич атқарып жүр.

Ван Дейктің өзі де жақында жаңа келісімшарт ұсынылмаса, клубын ауыстыруға дайын екенін айтқан. Нидерландтық ойыншы басшылықтың шешімін шексіз күткісі келмейді.

Осы маусымда қорғаушы барлық турнирде 15 матч өткізіп, АПЛ-дегі алғашқы он турдың барлығында алаңда толық уақыт ойнады. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 15 миллион еуроға бағалап отыр.

Ван Дейкке «Миланнан» бөлек Сауд Арабиясының бірнеше клубы, сондай-ақ Түркияның «Галатасарай», «Фенербахче» және «Трабзонспор» командалары қызығушылық танытуда. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қорғаушы басқа клубтармен алдын ала келісімшарт жасау жөнінде ресми келіссөз жүргізе алады.