Италияның элиталық дивизионына осы маусымда қайта қосылған «Фрозиноне» чемпионатты бес матчпен бастап, жақсы нәтиже көрсетті. Команда үш рет жеңіске жетті: «Фиорентинадан» 3:0, «Венециядан» 3:2 және «Комодан» 2:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір ойында Альвіні шәкірттері «Дженоамен» 1:1 болып тең ойнады. Ал әзірге жалғыз жеңіліс «Ювентустан» тіркелді - «Фрозиноне» 0:1 есебімен жеңілді.
Бес турдан кейін «Фрозиноне» 10 ұпай жинап, Серия А турнир кестесінде алтыншы орынға орналасты.
