Туриндік клуб басшылығы америкалық ойыншыны ықтимал келісімнің техникалық және қаржылық жағынан тиімділігіне қарап таңдаған. Балогун қаңтарда-ақ команда ауыстыруы мүмкін. Айта кетейік, өткен жазда шабуылшы 40 миллион еуроға ағылшынның «Эвертонына» ауысуға жақын болған, бірақ ол мәміле сол кезде жүзеге аспаған.
Егер «Ювентус» «Монакомен» ортақ келісімге келе алмаса, клуб балама нұсқаларды да қарастырып отыр. Қосалқы үміткерлер қатарында Мадридтің «Атлетикосы» сапындағы шабуылшы Александер Сёрлот және қазір «Фрозинонеде» жалға ойнап жүрген Антонио Раймондо бар.
Осы маусымда Балогун монегасктер құрамында барлық турнирде 4 матчқа қатысқан. Оның «Монакомен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 40 миллион еуро деп көрсетеді.
