Q Football

«Қайрат» U19 Жастар Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды

«Қайрат» U19 Жастар Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды

Алматының клубы екінші раундта Венгрияның МТК клубын қапы қалдырды

Қарымта кездесу Тимур Сегізбаев атындағы Академияда өтті. Командалар алғашқы таймда қақпа кілтін таба алмады. Ал екінші тайм бастала сала бізден Данияр Ташпулатов пен Қайсар Малаев мергендік танытып, «Қайрат» есепте алға шықты. Қонақтар тек ойын соңында оталып, Петер Молнар мен Колен Ондер бір-бір голдан соқты.

Осылайша ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Алайда Будапештте өткен бірінші кездесуде 3:1 есебімен жеңіске жеткен отандастарымыз іріктеудің финалына шықты.

Енді «сары-қаралар» негізгі кезең жолдамасын «Партизани» (Албания) – «Градец Кралове» (Чехия) жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. Алғашқы кездесуде «Градец Кралове» 6:0 есебімен жеңіске жеткен.

«Қайрат U19» — МТК Будапешт U19 — 2:2 (5:3)

Голдар: Данияр Ташпулатов (53'), Қайсар Малаев (57'), Петер Молнар (81'), Колен Ондер (83').