Q Football

Савиньо «Манчестер Ситиден» «Тоттенхэмге» ауысқысы келеді - Фабрицио Романо

Савиньо «Манчестер Ситиден» «Тоттенхэмге» ауысқысы келеді - Фабрицио Романо

Романоның дерегінше, 22 жастағы бразилиялық футболшы «Манчестер Ситиден» кетуге ниетті. Ол «Тоттенхэмге» ауысуға келісімін беріп, бұл шешімі туралы «Ситидің» басшылығына да хабарлаған

Клубтар арасындағы келіссөздер маусым айынан бері жалғасып келеді. Трансфердің негізгі бастамашысы ретінде «Тоттенхэмнің» жаңа бас бапкері Роберто Де Дзерби аталады: ол Савиньоны команданың шабуыл шебін күшейтетін мінсіз толықтыру деп есептейді.

Өткен маусымда Савиньо «Манчестер Сити» құрамында 36 матч өткізіп, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. «Трансфермаркт» порталының бағалауынша, ойыншының нарықтық құны 35 млн еуро.