Q Football

«Челси» Фермин Лопесті қатарына қосқысы келеді

«Челси» Фермин Лопесті қатарына қосқысы келеді
Фото: Fran Santiago / Getty Images

Лондонның клубы «Барселона» ойыншысына «құда түспек»

El Nacional басылымының хабарлауынша, «Челси» бас бапкері Хаби Алонсо Ферминді өз командасында көргісі келеді. «Көктердің» басшылығы бұл трансфер үшін 100 миллион еуро жұмсауға дайын.

Лопес – «Барселонаның» төл түлегі. 23 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда 11 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.