Жеке тоқталатын жайт - ықтимал келісімшарттың қаржылық жағы. «Арсенал» вингерге жылына шамамен 30 миллион еуро жалақы ұсына алады. Бұл ретте футболшының өзі, ақпаратқа сәйкес, Килиан Мбаппе сияқты табыс тапқысы келеді.
Винисиус 26 жаста, оның «Реалмен» қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ақпарат көзі - «El Desmarque».
