Q Football

«ПСЖ» Дезире Дуэнің ағасына қызығушылық танытуда

«ПСЖ» Дезире Дуэнің ағасына қызығушылық танытуда

L’Équipe басылымының хабарлауынша, париждік «ПСЖ» «Страсбург» қорғаушысы Гела Дуэні өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруда

Француз клубының басшылығы 23 жастағы футболшыны қорғаныстың оң қапталын күшейтетін және болашақта Ашраф Хакимидің орнын баса алатын ойыншылардың бірі ретінде бағалап отыр.

Бұл трансфердің ерекшелігі – Гела Дуэнің «ПСЖ» жартылай қорғаушысы Дезире Дуэнің туған ағасы болуы. Дегенмен, дереккөз мәліметінше, клубтар арасында әзірге нақты келісімдер жоқ және келіссөздер бастапқы кезеңде тұр.

Кот-д’Ивуар құрамасының қорғаушысы «Ренн» академиясының түлегі саналады. Ол екі жыл бұрын «Страсбургке» ауысып, аз уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Соңғы екі маусымда Дуэ барлық турнирде 68 матч өткізіп, оның 63-інде негізгі құрамда алаңға шықты. Оның еншісінде 3 гол және 9 нәтижелі пас бар.

Футболшының «Страсбургпен» келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның нарықтық құны 20 миллион еуроға бағаланады.